«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бірлікті ел Бұзылмас

0 36

Бүгінде Қазақстанда азаматтардың еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз ететін база қалыптасқан.

preview

Осы мақсатта ұлттар арасындағы қарым-қатынастың бірегей құралы – Қазақстан халықтары ассамблеясын құрдық. Әлемде бірде-бір басқа елде ұлттық саясаттың мұндай беделді және көрнекі құралы жоқ. Ассамблея тәжірибесін шетелде зерттеушілер көп. Әлемдік элитаның «этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» деуі тегіннен тегін емес. Шетелде біздің ел посткеңестік кеңістікте сәтті және қарқынды дамудың мысалы ретінде қарастырылады. Кезінде БҰҰ бас хатшысы Коффи Аннан Қазақстанды «әлемнің өзге мемлекеттеріне ұлтаралық келісім, тұрақты және үздіксіз дамудың жарқын көрінісі» ретінде атап өтті. 

Ал қаламыздағы Қоғамдық кеңес түрлі ұлттардың басын біріктіреді. Елімізде түрлі этностар өкілдері мәселен, бизнес­те, өндірісте, басқару мен мәдениетте болсын кез келген ешқандай шектеусіз мемлекеттік қызметтерде жұмыс істей алады. Азаматтық белсенділік таныта отырып, олар өз мүдделерін жоғары саяси деңгейде көрсетіп жүр. 

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайта түсудің белгісі. Халықтар арасындағы достық пен олардың ауызбіршілігі – кез келген елдің бірлігінің кепілі. Халықтар бірлігі – бұл кейінгі ұрпақтарға жалғасатын және оны көздің қарашығындай сақтайтын байлық. Ауызбіршілігі мен татулығы жарасқан елде тұру біздің кез келген сынақтарды еңсеруімізге көмектеседі. Біз – тарихы бай және болашағы жарқын біртұтас елміз. Мереке қарсаңында елімізде тек бейбітшілік, татулық пен өзара түсіністік болсын деп тілеймін!

Рамзия ӨМІРБАЕВА, 
Нұр-Сұлтан қаласы

қоғамдық кеңесінің мүшесі,

№38 мектеп директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды