БІРЛІК ТҮБІ – ТІРЛІК

0 139

IMG_4124

Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қалалық филиалы «Бейбітшілік және келісім жол картасы» жобасы аясында «Қайырымдылық арқылы бірлікке» акциясын өткізді. Оған мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы нашар отбасынан шыққан отызға тарта бала тартылып, олар қала сыртындағы «Экоқалашық» демалыс орнында тынығып қайтты.

Мұнда жеткіншектер күні бойы ойын ойнап, қызықты сайыстарға қатысты. Ал, Астана қаласының жол полициясы қызметкерлері іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса, жасөспірімдерді жолда жүру ережелерімен таныстырды. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тарту етіліп, арнайы дастарқан жайылды.

Еліміздегі қоғамдық келісімді дамытуға, елордалық ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған іс-шараға қатысушылар «Бейбітшілік және келісім» ескерткіш кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды.

Акцияға Астана қаласы әкімдігі мен «Жария» халықаралық орталығы» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамының астаналық филиалы, Есіл ауданының мүгедектер қоғамы өкілдері белсене атсалысты.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 11 =