Бірлік пен ынтымақ жетістікке жетелейді

0 26

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қазіргі төтенше жағдай уақытысында партияның мемлекет жүргізіп жатқан шараларды қолдау және мұқтаж жандарға көмек беру тұрғысынан белсенді жұмысын атап өтті.    Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып, қазақстандықтарға бастамасына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.

– «Birgemiz» қорына қомақты қаржы жиналды. Осы қысылтаяң шақта мұқтаждарға көмек беруді ұйымдастыру жөніндегі үндеуімді қолдаған Қазақстанның бизнес-қауымдастығына алғыс айтамын, – деген Елбасы «ERG» компаниялар тобының басшылығы мен «Казақмыс» корпорациясына, жекелеген кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент «Jas Otan» жастар қанаты белсенділері мен волонтерлерінің жұмысын атап өтті.

– Партия белсенділері мен «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері қазіргі кезде елдегі 50 мыңнан астам отбасыны бірінші кезекте қажет тауарлармен қамтамасыз етуге көмектесті. Жалпы алғанда бұл жұмысқа үш мың волонтер тартылды. Оларға да алғыс айтамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Елбасы «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік көмек 152 мыңнан аса отбасына берілгенін айтты.

– Бұл жұмысты жалғастыру керек. Мамыр айының басынан азаматтарымызға көмек берудің екінші кезегін бастаймыз. Бұл қазір Үкімет тарапынан бөлініп жатқан көмекке қосымша қолдау болады, – деді Тұңғыш Президент.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы дағдарыс­тан кейінгі кезеңде экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 19 =