Бірлескен жаңа жобалар

0 8

Премьер-министр Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Әбу-Даби қаласында Үкімет басшысы БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) холдингтері және мемлекеттік даму институттары мен БАӘ-нің басқа да жетекші компанияларының басшылығымен келіссөз жүргізді.

IMG_4836

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады.

Қазіргі уақытта әмірлік компаниялары Қазақстанда жалпы құны 3,5 млрд доллардан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуда. Өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Құжат еліміздің ұлттық экономикасының энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд доллардан асады. Келісімді іске асырудағы Қазақстанның негізгі әріптесі өңдеу және өндіру өнеркәсібі, АӨК, көлік және логистика, қаржы, туризм, медиа және энергетика сияқты секторларда кеңінен ұсынылған Әбу-Даби ADQ егемен қоры болады. Қордың басқаруында 175 млрд доллардан астам көлемдегі активтер бар. Келісім аясында «Самұрық-Қазына» АҚ ADQ-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатып, жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканы дамыту жөніндегі бірлескен энергетика холдингін құруға ниетті. Қазақстанда қуаты 5 ГВт болатын күн, жел және су электр станция­ларын салу бойынша бірлескен жобаларды және т.б. іске асыру жоспарлануда. «Kazyna Capital Management» АҚ және ADQ ІТ, қаржы технологиялары, агротех, В2В және В2С, телекоммуникациялар, азық-түлік өнімдерін өндіру технологиялары, платформалық шешімдер және цифрлық трансформация және т.б. салаларда бірлескен стартап-жобаларды қаржыландыру үшін $100 млн-ға бірлескен венчурлық қор құрады. ADQ ҚР-да көтерме-тарату орталықтары желісінің құрылысына қатысады. Компания сондай-ақ Қазақстанның етті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және жеміс бағбаншылығында бірқатар ірі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда. «СҚ-Фармация» ЖШС мен Rafed ҚР фармацевтика өнеркәсібін дамытуда ынтымақтастық орнатады.

Дубай қаласында Үкімет басшысы «EXPO 2020 Dubai» халықаралық көрмесіне барып, онда Қазақстан, БАӘ, РФ және т.б. ұлттық павильондармен танысты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 5 =