Бірлескен кәсіпорын құрылады

0 15

Кеше қалалық әкімдікте «Skoda transportation» локомотив құрастыру зауытының өкілі, Орталық Азия өңіріндегі сату жөніндегі директоры Роман Сорокин «Қазақстан теміржолы» АҚ-пен және әлеуетті жеке әріптесімен кездесу өткізді.

D_NExmLXUAAZqx9

Кездесуде қазақстандық серіктеспен бірлескен кәсіпорын ашу мәселесі талқыланды. Бұдан бөлек, чех тарапы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына қатысу мүмкіндіктерін қарастыруда. «Skoda transportation» – «Škoda Holding» холдингінің құрамындағы локомотив құрастыру конгломераты. Зауыт Чехияның Плзень қаласында орналасқан. Онда ауыр машина жасауға қажетті әртүрлі өнеркәсіптік өнімдер, негізінен, теміржол көлігінің жылжымалы құрамы шығарылады.

Онлайн-кездесу барысында тараптар Нұр-Сұлтан қаласында бірлескен өндірістік кәсіпорын құру үшін айтарлықтай қызығушылық танытты. «Қазақстан теміржолы» АҚ өкілдерімен онлайн-кездесу барысында Қазақстан теміржолдары үшін жаңа көлік шешімдері ұсынылды. Қазақстан тарапының өкілдері ұсынылған жылжымалы құрамдарды сатып алуға қызығушылық танытты. Алайда көліктің Қазақстанның ауа райы жағдайларына дайындығын және барлық нормативтік талаптарға сәйкестігін мұқият зерделеу қажет.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 2 =