Бірлескен іс-қимыл нәтижеге жеткізеді

0 9

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы видеоконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. ­Қасым-Жомарт Тоқаев саммитті ұйымдастырғаны үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир ­Путинге ризашылығын білдірді және

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды жуырда өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтас­тық ұйымы құрылғаннан бергі 20 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарғанын және ең табысты халықаралық ұйымға айналғанын атап өтті. Ұйым құқықтық жағынан ғаламшардағы аумақтың төрттен бірін, Жер бетіндегі халықтың 40 пайызын және әлемдегі ішкі жалпы өнімнің үштен бірін қамтитын кеңістікте ынтымақтас­тық пен өзара сенімнің тиімді құралы ретінде бағаланады. Бірақ коронавирус пандемиясы әлемдік қоғамдастық үшін қатаң сынақ болып отыр. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес әлемдік экономиканың құлдырауы

2020 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 пайызға жетеді, халықаралық туризм деңгейі 70 пайызға төмендейді және тікелей инвестиция тарту көлемі 40 пайызға дейін құлдырайды.

Мемлекет басшысының пікірінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымы пандемияның теріс салдарын жою жөніндегі күш-жігерді үйлестіру тұрғысынан өз деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиында Эпидемия қаупіне қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимылдардың кешенді жоспарының бекітілуін жоғары бағалады, сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы а

ясында Аурулар мен биоқауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру туралы Қазақстан бастамасының маңызды екенін атап өтті.
– Әлемдегі құбылмалы жағдай «үш зұлымдық» – сепаратизм, терроризм және экстремизмнің күшеюіне алып келді. Сондықтан Шанхай ынтымақтастық ұйымының Террорға қарсы өңірлік құрылым базасында Ақпараттық қауіпсіздік орталығын жедел құру қажет деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы ұсынысын тағы бір мәрте еске салып, Технопарктер пулы жөніндегі тұжырымдамасын келісу жұмыстарын жеделдету керек екенін айтты. Сонымен қатар Цифрлық дәуір кезеңіндегі шалғай және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылғанын құптады.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» мегажобасының дамуы ортақ күш-жігерді біріктіретініне сенімді. Қазақстан инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларды бірлесіп атқару мақсатында қажетті шараның барлығын қабылдайды. Бұл біздің экономикамыз үшін пайдалы болмақ. Сондай-ақ, Президенттің пікірінше, экология мәселелерін де назардан тыс қалдыруға болмайды.
Қазақстан Президенті сөзінің соңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көшбасшыларын ортақ міндеттерді шешу және «Шанхай рухын» нығайту жолында бірігуге шақырды. Саммит қорытындысы бойынша маңызды құжаттар қабылданып, қол қойылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − four =