Біреуді қуанту арқылы өзі қуана білетін

0 151

Алла тағаланың жаратылысындағы жан ие­ле­рі­нің арасында адамзатқа ғана­ нәсіп болған киелі сөз қасиеттей білгеннің сарқылмас қа­зы­насына айналып, адамның адамдық  кел­­бетін­­­ айқындай түседі екен. Пенделік түсінікпен түс­те­летін телегей теңіз байлық дегеніңіз  сөз­дің­ қасында ештеңе емес сияқты. 

Осыдан қырық жылдан астам уақыт шама­сын­­да­ ана тіліне тиек болуға талпынған та­­­лап­­кер­­ жастардың бір­­ шоғырын біздің курс­­ табыстырған еді. Бір ғажабы, бә­рі­міз­ де­­­ қо­ңыр­тө­бел­ шаруа балалары болдық. Сыл­­қия­­ той­­ып,­ сымбатты киім киінгендерді ара­­м­ыз­­дан­­ бай­қа­ма­дық.­ Бірін-бірі сол «ша­пан­­ға»­­ бола құрметтегендерді де аң­­ғар­ма­дық.­­ Арамызда әкесі жоқ әрлі жетім, шеше­сі­ жоқ­ шер­лі жетімдер, жоқ-жітіктің ба­ла­ла­ры­ кө­бі­рек­ болған сы­ңайлы. Алайда,­ қа­ба­ғы­ ашық, өмірге ғашық, таңдайы та­­қыл­да­ған,­ жа­ны ­жарқылдаған, мейірімді де қай­ы­рым­ды­­ ар­ман­шыл­ жастар әрқашан бір-бірімен үн­сіз­ ұғы­­сып,­ тіл­­сіз түсінісетін едік.

Солардың бірі әрі бірегейі:

Сенсіз уақыт парағын санатқалы,
Сенсіз, әке, күн батып, таң атқалы…
Жылдар өтті…
жабырқап, қиналғанда,
Қорғап, қолдап келеді Жаратқаным.
Талай рет…
шарасыздық жылатты,
Көрдік талай қиянатты,
сынақты.

Дем береді кейде шаршап, талғанда,
Көңіл шіркін құлазып бір қалғанда.
Ұрпақтардың үміті мен сенімі,
Озады алға арман қосып арманға.

Сен де, әке,
бөлшегісің бүтіннің,
Мен де, әке,
бөлшегімін бүтіннің,
Тізе бүгіп тағдырымның алдында,
Деймін іштей: жазғаныңа шүкір мың! – деген жыр жолдарының авторы – кәдімгі өзіміздің Ерболымыз еді…

…Ақын сезімді әкім ақылмен астастыра білген, тар­сыл­­­дап­ жүр­мей­тін,­ қарқылдап күлмейтін, мастанып қай­қаң­­да­май­тын,­ жағынып жалпаңдамайтын, лепіріп мақ­­тан­­бай­тын,­ еш­кімнің ал­дын­да­ ақталмайтын, ізгі сөзді айтудан,­ жақсы істі жасаудан жа­лық­пайтын, қиындықтан қа­­­м­ық­­пай­­тын,­­ жауға жарасын біл­дір­мейтін, ешқашан ештеңені бүлдірмейтін, қара нардай кө­нім­паз, хас батырдай жеңімпаз, ер тұлғалы естияр азамат Ер­бол десе, де­гендей еді. Атқа мінсе алдағы жолын барлай біл­ген, ат­тан түссе сөйлейтін сөзін саптай білген, басшы болса қос­­шысына әділ, қосшы болса басшысына адал арысымыз ара­­мызда жүргенде анда-санда амандық білісіп, сырттай­ ті­леулес болып, уақыттың уақытсыз өте шығатынын тү­сі­ну­ге де уақыт таба алмаппыз.

Қазақтың тілі қазақ мемлекетінің бас рәмізіне айналған алтын ғасырдың басында Ербол Шаймерденұлы жаңаның жар­шысы, көненің жоқшысы бола білді. Тіліміздің тізгін-шыл­бырын қатар ұстап, сыпайы да сырбаз болмысынан ай­ны­­май, менмұндалап дақпырт жасамай-ақ жасампаз істер тын­дырды. Сөз айдынының тереңіне сүңгіді, дәуірлердің ше­жіресін ақтарды. Ұлтымыздың атамұрасы – аталы сөзі еке­нін айтыса жүріп мойындатып, түйіндеп кетті.

Қаламгердің талғампаз табиғатымен астасқан әртүрлі жан­р­­да жазылған дүниелері бір төбе. «Қазақ афоризмдері» ат­ты­­ ай­ту­лы­ да абыройлы еңбегі – Ерболдың әдебиет әле­мін­­де­гі­ тұғырлы тұлғасын тұлғаландыра түсетін шоқтығы биік­­ мұрасы. Даналықты тани білудің өзі – даналықтың бел­гі­сі.­ Аспайтын, саспайтын, қиянатқа аяқ баспайтын, бір­еу­­ді­ қуанту арқылы өзі баладай қуанатын, орта бойлы, те­рең­­ ойлы, сегіз қырлы, сексен сырлы жігіттің айтқанынан ай­­та­­ры­ мол еді…

Ақын жүректің лүпілін пенделіктің қарадүрсіні қай­ыс­ты­рып жіберді ме, әлде… Алыс-жақын ағайын, дос-жардың қабағына қарап, керегіне жарап, жанын салып жүргенде жү­­ре­гінің жүйкесін жұлқылатып алды-ау, сірә. Әу бастан-ақ әді­леттің жалауын тік көтеріп жүруді әдетке айналдырған ат­­пал азаматтың айтарын айтар, дерін дейтін кезінде арамыздан­ ке­тіп қалуы рухани ортамызды ойсыратып кетті.

Амалымыз таусылғанда тағы да тәубемізге келіп, Алла та­ға­ла жаныңды жәннатта еткей дейміз! Аяулы жарың, ая­ла­ған­ ұр­пақ­тарың,­ ақ тілеулі ел-жұртың аман болғай деген ниет­пен жоқ­тау айтқан жұртыңа тоқтау айттық.

Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ,
курстасы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + eighteen =