Бірегей ота жасалды

0 181

Астана қаласындағы Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталығының дәрігерлері омыртқаға бірегей ота жасады. Соның арқасында 65 жасар әйел мүгедектіктен аман қалды. 

РҒНХО спиналдық нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері бөлім меңгерушісі Талғат Керімбаевпен бірге ісік пен омыртқаның зақымданған жерін алып тастап, жасанды протез қойды. Хирургтер өте сирек әдісті қолданды. Ота бір кезеңде өтті. Дәрігерлер атап  көрсеткеніндей, мұндай оталар екі кезеңнен тұрады. Өйткені, кеуде жасушаларын ашу жоғары травматикалық жағдай болып табылады. Мұндай оталар жасы ұлғайған адамдарға онша сәтті жасала бермейді. «Ота сәтті жасалды. Бірнеше күннен кейін омыртқасындағы кесел алынып тасталған әйел  аяғынан тұрды. Қазір оның денсаулығы қалыпты, бірнеше күннен кейін үйіне жіберіледі», – дейді дәрігерлер. Осындай әдіспен спиналдық нейрохирургия бөлімінде 130 пациентке ота жасалыпты. Аталған бөлімде омыртқа мен жұлынға жылына 600-ден астам ота жасалып, 10 инновациялық медициналық технология енгізілетін көрінеді.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 3 =