БІРЕГЕЙ БИЗНЕС-ПОРТАЛ

0 120

бизнес-портал

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы бизнес-порталды іске қосты.

Осыған байланысты брифинг өткізген қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі www.astana2050.kz бизнес-порталында экономиканың барлық саласы бойынша толыққанды мағлұматтар топтастырылғанын атап өтті.

Айталық, порталдың «Қала экономикасы» бөлімінде бизнес тіркеуден бастап, банк секторы, сыртқы, ішкі сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, туризм сынды қаланың сан алуан салаларындағы көрсеткіштер жөнінде толыққанды ақпарат алуға болады.

Ал, «Бизнесті мемлекеттік қолдауда» кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілетіні, қандай бағдарламаға қатысуға болатыны жөнінде айтылған. Сондай-ақ, «Даму» қорының бағдарламалары мен мемлекет бөліп отырған гранттар туралы мәліметті де осы беттен табуға болады.

«Бизнес жоспарлау» тарауында іскерлік жоспардан тартып, бизнеске арналған несие, бухгалтерлік есеп, лизинг, маркетинг, салық, мемлекеттік сатып алу және тендер туралы білуге мүмкіндік бар. Ісін жаңадан бастап жүргендер осы беттен бизнесті жүргізуге, дамытуға арналған семинарлар, конференциялардың қайда өтетінін біле алады.

«Астана кәсіпорындары» мен «Инновациялық Астана» бөлімінде инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын елордалық компаниялар туралы ақпаратты оқи аласыздар.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − 3 =