БІРДЕ-БІР АРДАГЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУҒА ТИІС

0 104

DSC_8125

2015 жыл еліміз үшін халықтық маңызы зор ірі оқиғаларға толы. Бұл жай ғана мерейтойлық шаралар емес, барлығымыз үшін мемлекеттігіміз бен тәуелсіздігіміздің, қоғамдағы келісімнің символы іспетті. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы бірнеше жылдан бері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясын ұйымдастырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырумен бірге жастарды өз елін, ата дәстүрін дәріптеу мен үлкендерді құрметтеуге, патрио­тизмге тәрбиелеп келеді.

Жоба аясында партияның қалалық филиалы Ұлы жеңістің 70 жылдығын лайықты атап өтуге белсенді дайындалуда. Осы бағытта Ұлы Отан соғысына қатысқан 253 ардагердің тұрмыстық жағдайы тексеріліп, оларға бастауыш партия ұйымдарынан еріктілер бекітілді. Қажет болған кезде олар ардагерлерді медициналық тексеруден өткізіп, дәрі-дәрмектерін сатып әкелумен бірге,  тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіп отырады. «Жасотандықтар» жекеменшік үйлерде тұратын ардагерлердің аулаларын тазартып, үй шаруашылығындағы жұмыстарға да көмектесуде. Сонымен бірге біздің филиал Ақмоладан шыққан Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ орденінің иегерлері туралы материалдарды жинастыруда көп жұмыс істеді. Осыған орай, елорда жастары соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер ұйымдастырып, патриоттық әндер байқауына, экскурсия­лар мен көрмелерге белсене қатысып жүр. Ең бастысы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қаламыздағы бірде-бір ардагер назардан тыс қалмауға тиіс. Біз осыған барынша көңіл бөлудеміз. Елордадағы жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында «Мәңгілік ел: Отансүйгіштік пен ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында лекциялар оқылып, тарихи маңызы зор елеулі оқиғалар ескерусіз қалып жатқан жоқ. Мәселен, қазақ хандығының 550 жылдығына орай жастар арасында белгілі қоғам қайраткерлерімен, жазушылар және ғалымдармен кездесулер өткізіліп, «Қазақ хандығының 550 жылдығы: мемлекеттілік тарихы» атты шара ұйымдастырылды. «Нұр Отанның» жас мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын да лайықты қарсы алмақшы. Бұл ретте біз «Тыныштық. Бейбітшілік. Достық» акциясын ұйымдастырып, шара аясында аллея отырғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл шараларға округіміздің тұрғындары да белсене қатысатын болады.

Өткен жылы атқарылған шараларға тоқталсам, елордадағы Құмкент, Жанкент, Баянтау, Түлкібас және т.б. көшелердің тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді қанағаттандыру бағытында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе отырып, бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Алдағы уақытта он төрт көшедегі жол жөнделіп, аулалар абаттандырылып, осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

11 ақпан күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатындағы нақты шараларды анықтап берді. Оның басты мақсаты – мемлекеттің жаңа заманға сай инфрақұрылымын жасау. Сондықтан, бүгінгі таңда қалалық мәслихаттың барлық депутаттары Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруға жұмыла кірісті. Біздің қоғамымызда өзара түсінушілік, бірлік, достық пен барлық қазақстандықтардың тең құқығын нығайта түсуде. Бейбітшілік пен келісім, халық бірлігі – Қазақстанның жетістігі мен тұрақтылығының басты өлшемі. Ендеше, қарапайым халықтың қамын жеп, оларды тыңдап, көмек көрсету – біздің міндетіміз.

 

Сапар АХМЕТОВ,

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =