БІР ЖОЛДАМА – БІРЖАНДА

0 105

313091649be463400f011ee96e6b5912

Келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу құқын иеленген спортшылар қатары көбеюде. Бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов AIBA Pro Boxing турнирінде аталмыш дүниежүзілік доданың жолдамасын жеңіп алды.

Қытайда өткен жарыста Біржан Жақыпов шешуші жекпе-жекте эквадорлық Карлос Эдуардо Куипо Пилатаксиден 2:0 есебімен басым түсіп, 49 келіге дейінгі салмақ лицензия­сына қол жеткізді. Біржанға дейін қазақстандықтардың сапынан жолдама алғандар – 60 келі салмақ дәрежесіндегі Берік Абдрахманов пен 91 келі Василий Левит.
Тағы бір 91 келідегі бокс­шымыз Антон Пинчук Милан қаласында APB жобасы аясында өткен турнирде жергілікті боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Клементе Руссоға жол берді.
52 келіде қолғап түйістіретін Ілияс Сүлейменов 26 шілде күні Мексикада алаң қожайынымен жолдаманы сарапқа салады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =