БІР ОТАН! БІР ТАҒДЫР! БІР ЕЛБАСЫ!

0 227

Тұңғыш Президент күні Астана салтанатты шаралардың басты сахнасына айналды.
Ең ауқымды мерекелік концерт «Бір Отан, Бір тағдыр, Бір Елбасы!» деген атпен елордадағы 30 мың адам оңай сыйып кететін «Астана- Арена» стадионында өтті.
Шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бір топ билік өкілдері де қатысты.

«Басына көтерген халқымнан айналайын!»

Тұңғыш Президент мере­ке­сі­нің күнтізбедегі дәл осы­ күнге қызыл әріппен белгі­ленуінің тарихы әріде жатыр.

1991 жылдың 1 желтоқ­са­­­нын­­да Қазақстан Республи­касын­да ал­ғашқы жалпы ха­лық­­тық Прези­дент сайлауы өтіп, сайлау­шылардың 98,78 пайыз даусымен Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен еді.

Жиынның құттықтау сөзін сөй­леген Елбасы: «Бүгін жай күн емес, Тұңғыш Президент күні мейрамы. Ал Тұңғыш Президент – ол мен. 1991 жылы тұң­ғыш рет мен сайланған бо­ла­тын­мын. Бірақ, мәселе онда емес. Осы жылы қазақ хал­қы өзінің тарихында тұң­ғыш рет тәуелсіз ел болып, Көш­бас­шы­сын сайлады. Сол сенімнің арқа­сында мен Қазақстанның тә­уел­­сіз­дігін жарияладым. Әйтпесе, ол болмас еді. Ха­лық менің мойныма үл­кен жауап­кершілік артып, иы­ғыма көп нәрсені жүктеді. Сон­дықтан, мен тек қана халықтың тапсырмасын орындаған адаммын. Талай­дан бері қолдап, қорғап бір­не­ше мәрте сайлап, басына кө­терген халқымнан айналайын. Елге қызмет етуден ешқашан талмаймыз!» деді.

Өз атына айтылып жатқан жақ­сы сөздерге ризашылығын білдірді.

Тәуелсіздік жылдарындағы та­­быс­ты еңбек пен жемісті жұмыс­ты жасаған қазақ халқы, қазақ­стандықтар екенін баса айтып өтті.

«Жиырма жылда жүз жылдық жетістікті бағындырдық!»

Елбасының жиі айтатын бұл сөзін бүгінде әлем алпауыттарының өзі­ еріксіз құптайды. Құптамасқа амалы жоқ.

Расында, Қазақстан жиырма жылдың ішінде басқа мемлекеттер жүз жылда жетпеген жетістіктерге жетті. Енді, міне, елдікті еңселі, тәуелсіздікті тұғырлы ететін тағы бір мемлекеттік мерекенің тұсауын кесіп, дүбірлетіп атап өтті. Олай етуге хақысы бар.

Мемлекет басшысы мерекелік жиында «Біз бар болғаны жиырма жылдың ішінде адамның ойына келмейтін, армандамайтын мақсаттарға жеттік. Біріншіден, әлем картасында жоқ мемлекетті құрдық. Екіншіден, елдің экономикасын түзеп, жағдайын жасадық. Ешбір қазақ шетелде батырақ болып жүрген жоқ. Керісінше, олар бізге келіп жұмыс істеп жатыр. Үшіншіден, біз мемлекеттің қауіпсіздігін нығайттық. Төртін­шіден, Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне паш еттік. Бізді сыйлап, құрмет тұтатындар көбейді» деді.

Біз бағындырған бұл биіктер, әрине, Елбасының көреген, сарабдал саясатының арқасы екені сөзсіз. Өйткені, қазақтың шыққан қай шыңы да Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.

Елі еріне сенім артса, ері еліне арқа сүйейді

Қара күштің емес, ой мен бі­лім­­нің ғасыры келгендігін үнемі қайталайтын Президент жастарға арқа сүйейтінін осы жолы да­ айтып өтті. Залға жиналған жұрт­­тың жартысынан көбі жастар болған­дықтан, соларға қаратып: «Сіздер, жастар, тәуелсіздіктің құрдасы болып табыласыздар. Сіздер басқа заманда өмірге келдіңіздер. Мына ұлы далада бабаларымыздың қаны мен тері төгілген. Сол кең даланы әрі қарай аман-есен алып барып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – сіз бен біздің парызымыз» деді.

Қазақстанды бүкіл дүниежүзі танығанын, еліміз үлкен құрметке бөленгенін тағы бір тілге тиек етті.

«Болашақта осы жұмыстарды әрі қарай атқаратын сіздер бола­сыз­дар. Сондықтан, жасалып жатқан барлық шаруалар сіздер үшін! Біздің мойнымыздағы міндет болашақта жастарға жүктеледі» деді Президент.

Қазақ жастарының бұл мақсат-міндетті жауапкершілікпен атқара­ты­нына сенімін де білдірді.

Болашақ бүгіннен басталады

«2050 жылы менің ойымша, Қа­зақ­стан сауатты халық бола­ды. Ел халқы үш тілді жетік мең­ге­ре­ді. Қазақ тілі жаппай қазақ­стан­дық­тардың тілі болады да, соның төңі­ре­гінде Қазақстан ұлты деген бір ұлт пайда болады» деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жастарды білім мен бәсеке жолында еңбек етуге шақырды.

«2050 жылы жер бетінде 9 млрд адам тұратын болады. Олардың ішінде өзара бәсекелестік артады. Осы бәсекеден біз жеңіп шықпасақ, артта қалуымыз мүмкін. Сондықтан, еліміздің жастары осы мақсат-міндет жолында еңбектенуі тиіс» деп түйіндеді сөзін.

Сәні бөлек салтанат

Мерекелік кештің есте қалар ерекше тұсы көп болды. «Көрген де арманда, көрмеген де арманда» деген тіркес еске түседі мұндайда.

Мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұловтың айтуынша, Елбасы спорт пен мәдениетке жаны жақын адам болғандықтан, шара спорт жә­не мә­дени шоу ретінде ұйымдасты­рылып­ты.

«Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!» спорттық бұқаралық акциясы барысында тек қойылымның өзіне екі мыңға жуық адам қатысты­рылды.
Ұйымдастырушылардың айт­уын­­ша, жиналған адам саны ста­дион­ның сыйымдылығынан да асып жығылыпты.

Бағдарламасы үш ай бойы пы­сық­­­талған концерттің тізгінін бел­гілі спортшы Серік Сәпиев, әнші Мәдина Сәдуақасова және актер Азамат Сатыбалды ұстады.

Айтулы іс-шараға әзірлік кезінде күн­діз күлкі, түнде ұйқы көрмеген ұйым­дас­тырушылар көрермен кө­ңі­лінен шығу үшін аянып қалмаған сыңайлы.

Мерекелік бағдарламада Қазақ­станның ел болып қалыптасу жо­лы мен 21 жыл ішінде жеткен­ же­тіс­тік­терін айшықтайтын қо­йы­лым­дар көрсетілді.

Залда отырған жастар қолдарын­дағы түрлі-түсті жалаушалар­мен «Елбасы», «Астана», «Нұр­сұл­тан»­, «Президент» сөздерін бей­не­леп отырды.
Ортадағы алаңда бишілердің салтанатты биін велоспортшылардың шеруі жалғастырды.

Концертте Ерболат Құдайбер­генов, Мәдина Сәдуақасова, Жұл­дыз, «Ринго», «Алаш ұлы» топта­ры мерекеге арнайы жаздырған ән­дерін орындады.
Кеште концерттік бағдарлама-­мен қоса Тәуелсіздік жылдары, Елбасының еңбек жолы, еліміздің экономикалық-саяси, мәдени даму кезеңдері туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 11 =