Бір министрлік, екі агенттік құрылды

0 30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-ші тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі; Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, Президеттің Жарлығымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік статистикалық қызмет салаларындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріледі. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзырына тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + sixteen =