Бір күнде 700 адамды қабылдады

0 6

«Жанұя» отбасын қолдау орталығында «Ашық әкімдік» форматындағы ашық есік күні өтті. Орталыққа түрлі мәселе бойынша сұрақтарына жауап алуға келген тұрғындарды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және орынбасарлары, аудан әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары қабылдады.

Қала басшылығымен кездесуге келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді. Алтай Көлгінов биыл елордада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі едәуір ұлғайтылатынын әрі бірінші кезекте үйді кезекте тұрған азаматтар алатынын мәлімдеді. Мемлекет қолдауының арқасында «GLB» үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Құрылыс кәсіпорны үйдің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимарат салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтар жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу, балаларды балабақшаға орналастыру мәселелері бойынша өтініш білдірді. Үлестік құрылыс мәселелері де көтерілді. Бір күн ішінде 700-ге жуық адам қабылданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды