Бір күнде 300-ден аса науқас дертінен айықты

0 10

Елордада стационарлардан 305 адам емделіп шықты. Олардың көбі – пневмония мен коронавирус инфекциясына шалдыққан егде жастағы адамдар. Қала тұрғындары өздерін ажалдан арашалап қалған жандарға, медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Біржан Абдуллин – ауруханадан шыққандардың бірі.
– Елді ауру-сырқаудан арашалап қалып жатқан денсаулық сақтау қызметкерлеріне мың алғыс! Республика даңғылында орналасқан емдеу орталығына өкпенің қабынуы бойынша ем алуға келгенмін. Қатты ауырып келіп едім, қазір үйге барғалы тұрмын. Қуанышымда шек жоқ, мың алғыс, – дейді ақсақал.
Қала тұрғыны Петр Васильевтің екі өкпесі қабынып, ауруханаға жатқызылған.
– Дәрігерлерге, барлық медицина қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі үшін көп рақмет! Он төрт күнде мені аяғыма тұрғызды. Бәрі жақсы, қазір өзімді жақсы сезінемін! – дейді зейнеткер.
Бас шаһарда COVID-19 және пневмонияны емдеу бойынша оң нәтиже байқалады. 5 шілдеден бастап қабылданған карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейтуден кейін стационарлардағы пневмониямен ауыратын науқастардың саны 1348-ден 633 адамға дейін (екі еседен аса) азайды. Ал індеттен 10320 науқастың 7260-ы (70 пайызы) сауығып шықты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =