Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Білімдінің жүзі жарқын

0 281

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа әлеуметтік бастамалар көтерілді. Аталған үндеудегі Елбасымыз ұсынған 5 бағдармасы еліміздегі ең көкейтесті мәселелерді қамтиды.

Мен мемлекеттік жоғары оқу орнының өкілі ретінде «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту»  атты бағдарламасының білім беру саласына тигізер оң әсерінің өте мол екенін ерекше атап өткім келеді. Бағдарлама бүгінгі таңдағы білім беру саласында шешімін табуды талап ететін мәселелер мен олардың тиімді шешу жолдарын көрсетіп  отыр. Сол себепті де, біз Елбасымыздың  бұл бастамасын қуана қарсы алдық.

Жаһандану заманында дамыған елдердің барлығы дерлік білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, сондай-ақ студент жастардың қолайлы жағдайда білім алуына үлкен басымдық беріп отыр. Яғни, білім алушыларға заманауи стандарттарға сай, ыңғайлы орта қалыптастыру сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың алғышарты болмақ.

Елбасымыз ұсынған бағдарлама негізінде 2022 жылға қарай студенттерді кем дегенде  75 мыңнан жатын орнымен қамтамасыз ету ең ұтымды шешім болып табылады. Бұл бастама республиканың барлық өңірінде кездесетін студенттер жатақханаларының  жетіспеушілігі мәселелесін толық шешеді.

Президенттің бұл ұстанымы білімдінің қандай қоғамда да жүзі жарық болатынын тағы айғақтап беріп отыр. Бес бағдарламаның біріне кірген білім беру саласына қолдау көрсететін мұндай серпілістер алда даму жолдарына бастай беретініне нық сенім білдіргім келеді.

Дамир БАЛТАБЕКОВ,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің экономикалық және
өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды