Білімді ұлт қалыптастыру – ортақ мүдде

0 127

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты» атты Жолдауын­да білім берудің алғы шар­ты ретінде «Бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарында болу үшін жо­ғары білімді ұлт болуымыз қажет. Біздің азаматтарымыз алдыңғы қатарлы өндірістерде жетістікпен жұмыс жасай алуы шарт» деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай, елор­даның Гуманитарлық кол­леджі жан-жақты білікті де саналы жас­тарды тәр­биелеу мақсатында көптеген іс-шараларды қолға алды. Кеше колледжде технологиялық білім беру мәселесіне арналған VI қалалық ғылыми-прак­тикалық конференциясы өтті. 

Қоғамды ақпараттандыру жағ­дайын­дағы инновациялық білім беру технологиясын қолдану аясында педагогикалық іс-шаралар төңірегінде тәжірибе алмасуды көздеген алқалы жиында 200-ге жуық баяндама оқылды.

Конференция барысында Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Әсият Кор­­жикова Жолдаудағы Президент тапсырмаларына тоқтала келіп, жиын тақырыбының маңыздылығын атап өтті.

Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру мәселесіндегі инновациялық технологияларды талқыға салған педагогтар оқытудың базалық мазмұнын жаңарту, жетілдіру жұмыстарын жалғастыру, білім беру үрдісіне ақпараттық қолдау көрсетуді дамыту қажеттігін әңгіме өзегіне айналдырды. Оқытушылар осыған қатысты психологиялық-педагогикалық жұ­мыс­тарды же­тіл­­діріп, арнайы әдістемелік нұсқаулықтарды шыға­руды қолға алмақ. Сондай-ақ, елор­дадағы жо­ғары оқу орындары, мектеп пен балабақша қызметкерлері ынты­мақтаса жұмыс істесіп, ортақ мүдде тұрғысындағы тәжірибелерін үнемі бөлісіп отыру туралы байлам жасасты.

Мейрамгүл АБСАТОВА,
гуманитарлық колледждің әдіскері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 6 =