БІЛІМДІ ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСТЫРАМЫЗ

0 88

 «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның Көліктегі технология орталығында «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты қалалық форум болып өтті.

Жиында әңгіме өзегіне арқау болған негізгі түйін – Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында атап өтілген сапалы білім беру мәселесіне қатысты болды. Яғни, барлық саланың дамуына серпін беретін кәсіптік бағыттағы оқу орындарына жүктелер жауапкершіліктің салмағы айқындалып, тұжырым жасалды. Осыған орай, колледждер студенттері алған білімінің жетпіс пайызын тәжірибемен ұштастыруы қажет.

Астана қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның айтуынша, модульді бағдарлама, қашықтықтан оқыту бойынша елордада бірқатар жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ, өндіріс орындарымен меморандум жасау арқылы шәкірттердің тәжірибеден өтуіне қол жеткізген.

Колледждер мен өндіріс орындары алдында тұрған міндет – оқушы білімін бағалайтын сертификат ісін реттеуі тиіс. Бұл сертификатты студентке  өндіріс орындары табыстайды екен. Егер кәсіпорында біліктілігіңді белгілі бір мерзімге дейін дәлелдей алмасаң, онда диплом берілмейді. Жаңа оқу жүйесіндегі басты өзгешелік осындай.

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =