Білімді көшбастайды келешекте

0 106


Кеше «Думан» қонақ үйі кешенінде «Білімдегі жоғары сапа мен көшбасшылық – 2013» атты халықаралық конференция ашылды.

Іс-шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырып, халықаралық және қазақстандық спикерлер, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындары мен Ұлттық тестілеу орталығы сияқты мекемелерден
төрт жүзге тарта адам қатысты.
– Білімдегі көшбасшылық пен сапа мәселесі тектен-текке көтеріліп отырған жоқ. Елімізде білім беру жүйесін дамытудың жаңа үрдісі ғаламдық және философиялық мәнге ие. Әрі ол жекелеген елдер деңгейінде емес, әлемдік қоғамдастық өресінде қарастырылады, – деді конференцияны ашқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ президенті К.Шәмшиденова.
Президенттің бастамасымен құрылған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің миссиясы осы үдерісте нарықтық экономика жағдайындағы өмір талаптарына сәйкес келетін, өзінің білімі мен мәдениеті деңгейін үздіксіз арттыруға қабілетті еркін ойлайтын тұлғаны дамыту, тәрбиелеу және оқыту жайын қамтамасыз ету болып табылады.
Конференцияда «Білім парадигмасының өзгеруі», «Білімдегі жаңа әдістермелер мен технологиялар» «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру», «Мектептерде үш тілділікті енгізу», «Қазақстан тарихы, қазіргі заманғы Қазақстан пәндері арқылы патриотизмді қалыптастыру», «Оқушыларды сыни бағалау», «Тест серіктестігі», «Зерттеушілік, жобалау жұмысы» және тағы басқа да тақырыптар талданды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 19 =