Білімді дизайнерлер байқауы

0 164

Астана қаласының политех­ни­­­­ка­лық колледжі және «Adobe Systems Inc» компаниясының ұйым­дастыруымен 15-16 қаңтар күндері елордада ком­пью­терлік графи­ка мен дизайн бо­йын­ша «Кристалды пиксель» рес­­пуб­­ли­калық байқауы өтеді.

Әлемге танымал «Adobe Systems Inc» компаниясы мұ­рындық бол­ған­­ ауқымды жобаға еліміздің бар­­­лық облыстарынан келген­ мек­­­­теп оқушылары мен студент­тер­­­­ қатысады. Байқау оқушы­лар мен­ студенттер үшін бағдар­ла­ма өнім­де­рін қаншалықты игер­ген­ді­гін білуге және дизайн сала­сында шы­ғар­машылық да­­рынын көр­се­ту­ге үл­кен мүмкіндік береді. Жоба шең­­берінде қатысушылар коллаж, жарнама, веб-сайт жа­­сау салала­рын­­да өз қабілеттерін сынайтын бо­лады. Ал, оқытушылар мен же­тек­ші­лер үшін бағдарламалық өнімдер, технология мен әдістемелер бойынша ше­бер­лік­ сы­ныптары өткізіледі.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 13 =