БІЛІМ МЕН БІРЛІК ҰШТАСЫП…

0 158

Тарихқа шегінсек, ассамблея құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын.

Содан бергі уақытта Қа­зақстан халқы ассамблея­сы­ның институттық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дип­ломатиясының маңызды кү­ретамырына айналды.

Қазақстан халқы ассамблея­сы Ғылыми-сарапшылық кеңесі жайлы сөз қозғасақ, бұл ұйым еліміздегі этносаралық қатынастар саласы мен мем­лекеттік саясатты тиімді жү­зеге асыруда ғылыми негіз­делген бағыттар мен шешім­дерді айқындауды талап еткен қоғамдық сұранысты қам­та­масыз ету мақсатында 2009 жылы құрамына 25 доктор, 11 ғылым кандидаты, 6 қоғам қайраткері енген құрылым ретінде дүниеге келген болатын. Астана және Алматы қала­ларында да ғылыми-сарап­шылық топтары жұмыс істеуде. Олардың қатарына қазірде қоғам қайраткерлері, этносаралық және конфес­сия­аралық қатынастар мәсе­лесімен айналысатын мем­лекеттік қызметшілер, этномәдени бір­лестіктердің жетекшілері және жоғары оқу орындарының өкілдері бар жалпы саны 200-дей адам тартылған.

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің негізгі міндетіне  еліміздегі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үдерістеріне кешенді сараптама жасау, аталған үдерістердің елдегі және әлемдегі дамуына болжам жасау, мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыт­тары бойынша ғылыми сарап­­тамалық жұмыстар жүр­гізу, этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастар сала­сындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, ассамблеяның  қазақстандық қоғам­ның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси және азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге атсалысу жатады.

Ғылыми-сарапшылық кеңес қызметі ғылыми-зерттеу, талдау және білім беру сынды негізгі үш бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кеңес қо­ғамдық келісім, тұрақтылық, толе­ранттылық пен ұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық қаты­настар саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, сара­лан­ған, зерделенген шешім қа­был­дауға мүмкіндік беріп отыр. Ғылыми-сарапшылық кеңесінің үйлестіру жұмыстары өз нәтижесін беруде. Мысалы, 2009 жылдан бері Ұлттық академиялық кітапханада толе­ранттылық, қоғамдық келісім, тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы баспа және электронды нұсқадағы 1000-нан аса ғылыми ақпараттарды топтаған ассамблея депозитарийі жұмыс істеуде. 2012 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы депозитарийінің ғаламтордағы порталын әлемнің (Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Австралия және басқа) 73 мемлекетінен 150 мыңға тарта  адамдар тұрақты қолданғаны белгілі болды.

Сөз соңында айта кеткен жөн, кейінгі кездері ҚХА мен Ғылыми-сарапшылық кеңе­сінің жұмыстарына жоғары оқу орындары атсалысып жүргені белгілі. Солардың ішінде елорда – Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ерекше орын алады. Қазақстан халқы ассамблеясының XХ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев ұйым жұмысына жастарды белсенді тұрғыда тарту керек екендігін айтқан болатын. Осыған орай, университет басшылығы Елбасының бұл  бағытқа ерекше көңіл аударуда. Оның дәлелі ретінде университетте Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы мен этникааралық және діниаралық толлеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының ашылуын айтуға болады.

 

Сатай СЫЗДЫҚОВ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Этносаралық қатынастар және ҚХА толеранттығы» орталығының директоры, профессор

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 19 =