Білім гранттарына кімдер ие болады?

0 131

Жоғары оқу орындарында білім алуға үмітті түлектердің көптен күткен сәті таяп қалды. Астанада өткен Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысында тізім бұқаралық ақпарат құралдарында 12 тамызға дейін жарияланатыны мәлім болды.

МЕк-3

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, биыл 31 702 білім гранты бөлінді. Оның ішінде 12 593 орын – техникалық және технологиялық маман­дықтарға, 5000 грант – педа­гогикалық, 2690-ы – ауыл ша­р­уа­шылығы және ветеринария, 3000-ы медициналық сала мамандықтарына тиесілі.
Білім гранттарының иегерлері еліміздің 87 жоғары оқу орнында оқиды. Жалпы конкурсқа 59 677 адам қатысып жатыр. Олардың басым бөлігі қазақ тілінде білім алуға ниетті. Дәлірек айтсақ, 47 342 адам қазақ тілінде, 12 335 талапкер орыс тілінде оқуға тапсырған.
Сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде 9 797 адам конкурсқа қатысуда.
Білім гранттарына үміт­кер­лердің арасын­да «Алтын белгі» иегерлерінің, халықаралық және респуб­ликалық олимпиадалар мен ғылыми жарыс­тар жеңім­паздарының, сон­дай-ақ спорттық жарыстар жеңімпаздарының мүмкіндіктері өте жоғары.
Бұған қоса, І, ІІ топтағы мүм­кіндігі шектеулілерге, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдеріне және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар мен жетім балаларға квоталар белгіленген.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + one =