БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕДИАЦИЯ

0 15

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-­лицейінің 10-11-сынып оқушыларымен Google Meet платформасында «Білім берудегі медиация» тақырыбында ақпараттық-консультативтік кездесу өтті.

Шараны «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры, «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қоры және «QORGAU» заңгер-медиаторлар интеллектуалдық клубы ұйымдастырды. Кездесуге 40-қа жуық мектеп оқушылары қатысып, түрлі сауалдарға жауап алды.
Кәсіби медиатор, заң магистрі «QORGAU» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті Әсел Сайлаубай түсініспеушілікті бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. «Қазір жасөспірімдерде суицидтік жағдайлар жиі кездеседі. Мұның барлығы оқушы, ата-ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан болып жатыр. Келіспеушілік туындаған кезде бірден өзіңді қорғау үшін ашуға берілудің еш қажеті жоқ. Әркім өз құқығымды қорғаймын деп екінші адамның құқығын таптамау керек. Көбінесе мұндай қақтығыстар әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке тарап, адамдар арасында жағымсыз реакциялар тудырып, мектеп пен мұғалім беделінің төмендеуіне әкелуде» деді Әсел Сайлаубай.
Айта кетейік, клубтың медиаторлары Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелеріндегі оқушыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =