БІЛІМ «БАЗАРЫ»

0 83

Кеше Астанада ТМД және Орта Азия елдері арасындағы тұңғыш рет жаһандық мәнге ие халықаралық білім және кәсіби даярлық технологиялары көрмесі өз мәресіне жетті. «WORLDDIDAC ASTANA 2012» атты көрмені ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Worlddidac» қауымдастығы бірлесе отырып ұйымдастырған. Аталмыш көрмені өткізу туралы меморандумға өткен жылдың қыркүйегінде қол жеткізілген еді.

 Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 25 елдің 150-ден аса компаниясы қатысуға мейлінше ынталы екендігін көрсетті. Көрмеге оқулықтар жазатын, оқу ордаларын қажетті құрылғылармен жабдықтайтын, ақпараттық техноло­гияларды ойлап табатын ірі компа­ниялар қатысты. Үлкен жетістікпен өткен көрменің эксклюзивті серіктесі ағылшындық «F&E» компаниясы болды. Ол Дубайда өтетін халықаралық «GESS» көрмесінің ұйымдастырушысы ретінде әлемдік аренада аса танымал.

Бүгінгі таңда елімізде білім саласына негізгі басымдық көрсетіліп жатқаны белгілі. Соңғы жылдары Қазақстанда заманауи және жаңа технологияларға көп мән беріле бастады. Оның бірден-бір дәлелі – жыл сайынғы ондаған миллионға сатып алынатын оқу құралдары. Ал биыл бұл сома екі миллиардтан асып отыр. Сондықтан көрме экспонаттарына деген қызығушылық өте зор болды.

Көрме аясында түрлі тұсаукесерлер, семинарлар, дискуссиялар болды. Ортақ тақырып – білім саласындағы соны жаңалықтар.

Шынар ӘБІЛДА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 13 =