«Билігі алашыма ұран болған»

0 95

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастама­сымен қалалық сотта дөңгелек үстел өтті. Шара Төле бидің 350 жылдық мерей­тойына арналды. Жиынға Аста­на қалалық сотының судья­лары, аудандық және оған теңес­тірілген соттардың төр­аға­лары қатысты.

Отырыс Астана қалалық со­ты төр­аға­сының міндетін ат­қа­рушы Амангелді Сәр­сенбаев­тың кіріспе­сімен ашылды. Жи­­нал­ған­­дарға ал­ғашқы сөзді Мә­жіліс депу­таты Ораз­гүл Асан­ғазы арнады. Төле би тағы­лы­мын жан-жақты тарқатқан ол әң­гіме барысында мемлекеттік тіл мәрте­бесін де назардан тыс қал­­дырған жоқ. Судья­лар­дың қазақ тілін­де іс қарау көр­сет­кішін көтере түсуге үндеген депутат былай деді: «Мұн­дай үр­дісті ана тілі­мізге деген күн­де­лікті тірліктегі жанашырлы­­ғымыз күшейте түспек. Өз басым кез келген жиында, айналамдағы­лар­ға өтініш­тей қып айтып жүретін жайттар бар. Бірін­шіден, сәлеміміз қазақ тілінде болуы тиіс. Екіншіден, аты-жөні­мізді қазақ­шаға аударуы­мыз қажет. Бұл туралы Елбасының 1996 жылы 2 сәуірде арнайы Жарлы­ғы шыққанын білулеріңіз керек. Сол құжатты басшылыққа алып, қызмет көрсету орталығына барса­ңыз, шаруаны лезде шешер едіңіздер. Үшін­шіден, банкоматтан ақша алғанда, мемлекеттік тілді таң­дасақ екен. Өйткені, соған қарап қанша­мыз­дың қай тілді қажет ететініміздің есебі түзіледі. Нәтиже­сінде бұл да қазақтардың өз тіліне деген құлық­сыз­дығын әйгілей бе­реді. Міне, осы сынды қара­пайым ­дүниелерден істі бас-тап кетсек, Төле би сынды бабаларымыздың арман-ама­натына адалдығымызды таны­тар едік».

Дөңгелек үстел барысында Алматы ауданы №2 аудандық соты­ның төрағасы Бақытбек Сызды­қов, Астана қалалық соты кеңсесінің Ба­қы­лау және құжат айналымы бөлі­­мінің бас маманы Дархан Шалқыба­сов баяндама жасады. Жиын Астана қаласы Тілдерді дамыту басқар­ма­сының бастығы Ербол Тілешов­тің қоры­тынды сөзімен тәмамдалды.

Ербөлек ТІЛЕУЛЕС

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =