Білгіңіз келсе…

0 263

«Нан ұрсын» деп ант ішу дұрыс па?..

Ассалаумағалейкум! Біз өз арамызда «нан ұрсын» деп ант ішіп жатамыз. Бұлай ант ету дұрыс па? Антымызды бұзсақ не істеу керек? Жалпы, шариғаттағы ант беру мәселесі жайында мағлұмат бере кетсеңіздер

Ләззат

Уағалейкумуссалам! Ләззат ханым, «нан ұрсын» деп немесе Алладан басқа нәрселерді айтып ант ішу – шариғатта дұрыс емес. Өйткені, Пайғамбарымыз анттың бұл түрінен қайтарған (Бухари – 6108). Сондықтан нан атымен ант ету – ант болып есеп­­телмейді. Шариғатта Алла атымен немесе Оның есімдерімен ғана ант етіледі. Ант Алланың атын ауызға алмай-ақ, «ант ете­мін», «серт етемін», «қасам іше­мін» деген сөздерімен де ант болып есептеледі.

Егер мұсылман берген антын бұзатын болса, онда оған кәфара­тын өтеуі керек («Мәида» сүресі, 89-аят. «Нәһл» сүресі, 91-аят). «Кәффәрәт» дегеніміз – антын бұз­ған адамның Алла алдында күнә­сін жуып-шаюы. Ол болашақ­тағы іске ант беріп, оны орындай алмай қал­ған жағдайда ғана өтеледі.

Кәффәрат жүрмейтін де ант­тың түрлері бар. Мәселен, егер өт­кен ісіне байланысты өтірік айтып, ант іш­се, ол адамға кәффәрат жүрмейді. Яғни, ол күнәсін бұл дүние­де жуып-шаю мүмкіндігінен қағылып, тікелей Алланың алдына барғанда жауап береді (Әл Ғаними, Лүбәб – 4/3-8 бет. Әл Маусули, Ихтияр – 3/394 бет. У.Зухайли, Уәжиз – 1/502 бет).

Анттың кәффәрәті он міскінді тамақтандыру немесе киіндіру яки бір құл азат ету. Бұл – ау­қат­ты адамдардың кәффәраты. Ал бұған шамасы келмейтін, жағ­дайы төмен кісілер үш күн қа­та­рынан ораза ұстауы тиіс (Ба­қара сүресі, 225-аят).

Жұлдызнамаға сенуге бола ма?

Ассалаумағалейкум! Радио, теледидар, газет-журналдарда күн сайын жұлдыз-жорамал беріліп жатады. Сол жорамалдарға қарап, күнделікті тіршілігімізді ыңғайлауға бола ма?

Аманжол

Уағалейкумассалам! Аманжол, Ислам діні келмей тұрып арабтар соғысу, жолға шығу, үйлену, саудамен айналысу сияқ­ты істерге бел бумас бұрын, алда не күтіп тұр екен деп оқ­­тармен, яки тастармен бал аша­­тын. Оқтардың немесе тас­­тардың кейбіріне «Құдай оң­дайды» деп, ал кейбіріне «Құ­дай құптамайды» дегенді жазады.

Кейін арасынан біреуін суыр­ғанда қандай жазу шықса, соған қарай әрекет жасайтын болған (Табари тафсірі – 8/72-77 бет Каир – Египет). Ислам діні кел­-
геннен кейін: «Оқпен бал ашу­ға болмайды. Ол – күнә» (Маи­да сүресі – 3-аят) деп, Құран аяты аталмыш әрекеттің «үлкен күнә» екенін ескертіп, одан қайтарды. Ал сіз айтқан жұл-дыз­намаға сеніп, соған қарай күн­делікті тіршілігін реттеу де аят­тың аясына кіретіндіктен, жорамалға сенуге тыйым салынады (Әл Маусуғатуль Фиқһия – 35/172 бет).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + twenty =