БИЛЕТТЕР ОНЛАЙН АРҚЫЛЫ САТЫЛАДЫ

0 389

билет

Бүгін «Астана Опера» театры билетті сатудың электрондық жүйесін іске қосты. Билеттер саудаға Biletbar.kz операторы арқылы түседі; Билетті сату жөніндегі виджет театрдың сайтында орналасады. Кассадан және ғаламтор арқылы сатып алынған билеттердің бағасы бірдей. Билетті сату ережесі бұрынғыша: билет айырбасталмайды және кері қабылданбайды.

Билетті сату жүйесі ашық түрде жүргізіледі. Сатылған әр билет жүйеде тіркелетіндіктен, оны өз күшіңмен немесе бағдарлама арқылы өшіру және өзгерту мүмкін емес. Сондай-ақ, билетті қолдан жасаудан қорғауға мән берілді. Әр билет орны, қатары, қалай және қай уақытта алынғаны жайында сатып алу дерегі бар QR кодпен қамтылған. Залға кіргенде осы код арнау­лы құралдың көмегімен сканнан өткізіледі де ақпарат оқылады, осылайша билет тексеруден өтеді.

Смартфоны және планшеттік құрылғысы бар адамға билетті басып шығарудың қажеті жоқ, себебі, енді электрондық билет опциясы іске қосылды. Шараға келер алдында QR кодты гаджетте сақтау керек, кірерде соны билеттің орнына көрсете саласыз.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 11 =