Билет құны 7 мың теңгеден басталады

0 71

Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы ұшақ билетінің құны сатып алу күні мен уақытына байланысты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биыл 1 мамырдан бастап күніне 4 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылдады.Сұраныс жоғары бағыт бойынша ұшудың басталуы саланы қалпына келтірудің алғашқы қадамы болады. Әуе рейстері Денсаулық сақтау министрлігінің көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларының күшейтілген жағдайында орындалады. «Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланыс­ты 7-ден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі. Алдағы уақытта, жағдай жақсарған кезде ішкі рейс­тер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады» делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен екі мегаполис арасындағы әуе рейстеріне қандай талаптар қойылатынын айтты. «1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе қатынасы жаңғыртылады. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Жолаушылар саны аз болады және олар салонда бір-бірінен алыс отырғызылады. Әуежай барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір әуежай дайын. Ал жолаушылар ұшу үшін коронавирусқа алдын ала тест тапсыруы керек. Тестті «Олимп» зертханалар желісі мен басқа бірқатар ұлттық орталықта тапсыруға болады. Бұл туралы толық ақпаратты алдағы уақытта береміз» деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 19 =