БИІКТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ БАҒДАРЫ

0 158

Еліміздегі білім беру мәселелері Елбасының назарынан еш уақытта тыс қалған емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Жолдауында да осы салаға қатысты тыңғылықты тапсырмалар белгiленiп, мiндеттер жүктелдi. 

Білімді, ұтқыр ойлы жастар – болашақ Қазақстанның кепілі.

Данышпан бабамыз әл-Фараби: “Білімді болу– жаңалық ашуға қабілетті болу” деген екен. Бұл пайымның растығына және бүгінгі ұрпаққа да ой салатынына көз жеткізіп отырмыз. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ғасырлардың сынынан өткен ғұлама сөзінің заңды жалғасындай.

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сау­аттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, ба­лаларымыздың, жалпы, барлық жеткіншек ұрпақтың функ­цио­нал­­дық­ сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет». Балаларымыз қа­зіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бұл бағытта біздің білім мекемесінде де көптеген жұмыстар жүзеге асы­ры­лып жатыр.

Елбасы бүгінгі жаңа буын өкілдеріне жақсы оқып, саналы тәрбие алулары үшін барлық жағдайды жасауда. Сондықтан, оқушыларға жаңа бағыттың қоз­ғаушы күшіне айналуға тиіс екендіктерін түсіндіріп келеміз. Өмірдің өзі сан мәрте дәлелдегендей, білімдінің тек биіктерді бағындыратыны белгілі. Демек, санаға өзгерiс енгiзген абзал. Тек, сонда ғана біз өркениет талаптарын сай өрендер тәрбиелейміз.

Салтанат ИСАТАЕВА,
Астана қаласы №51 мектеп-гимназияның мұғалімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − three =