БИІКТЕРДЕ СЕНІМ АРТАР «BOMBARDIER»

0 130

бомбордиер

Президенттің тапсырмасымен жаңадан құрылатын «low-cost» санатындағы, яғни арзан бағаға ішкі рейс­тер ұсынатын «Эйр Қазақстан» әуе компаниясы «Bombardier Aerospace» компаниясынан Q400 NextGen маркалы он ұшақ сатып алмақшы.

Өткен аптада Астанада канадалық ұшақтың таныстырылымы өтті. Шетелдік ұшақ құрастырушы компанияның бизнесті дамыту және сату бойынша директоры Марк Гилберттің айтуынша, қауіп­сіздіктің барлық талаптарына сай турбовинтті ұшақ Орта Азия елдеріне өте қолайлы, ыстық ауа райында да, төменгі экстремальді температурада да мүлтіксіз жұмыс істейді. Әрі эксплуатациялық шығыны 70 орындық басқа ұшақтармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Сондықтан да тұтынушылардың қалтасына айтарлықтай салмақ салмайтын әуе лайнерлері «Эйр Қазақстан» брендімен келесі жылдан бастап ұша бастайды.

«Эйр Қазақстан» ком­паниясының директоры Нұржан Шәкіров: «Бұл ұшақтардың әрқайсысын 23 миллион доллардан сатып аламыз. Бірақ «Bombardier Aerospace» тек ұшақтарын сатып қана қоймайды, сонымен қатар консультациялық қолдау көрсетеді. Мамандар дайындауға қаржы бөлінеді. Ұшқыштар Канадада шыңдалады. Дей тұрғанмен, бастапқы кезеңде шетелдік ұшқыштарды тартамыз, өйткені бізде маман жетіспейді. Бір жылдан кейін экипаж мүшелері түгелдей отандық мамандардан жа­сақталады» дейді.

Еділ Бөкеев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =