Бибігүлдің байқауы

0 24

Елордада КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова шығармашылығының 70 жылдығына орай XI халықаралық вокалистер байқауы басталды. Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдени қоры ұйымдастырған байқаудың ашылуына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

244458648_4249822425116709_5027976603973392724_n

Аталмыш байқау 2004 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатыр. Жыл сайын конкурстың аясы кеңейіп келеді. Биыл оған елімізбен қатар Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден келген 70-ке жуық вокалист қатысып жатыр. Осы жолы өнер додасына    Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Астана Опера» халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев (Қазақстан), Мәдениет және өнер саласындағы Литва ұлттық сыйлығының лауреаты, Литва музыкалық-театр академиясының профессоры Ирена Милькявичюте (Литва), Форо Бонапарттағы Музыкалық академияның профессоры, Г.Доницетти атындағы академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі Александр Гусев (Италия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры Тамара Новиченко (Ресей), Прага мемлекеттік операсының солисі Дамир Басыров (Чехия), Өзбекстан Республикасының халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Рамиз Усманов (Өзбекстан) қазылық етіп жатыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + one =