©2020 Астана Ақшамы
БИ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ
8-10 сәуір аралығында Тәуелсіздік сарайында Азияның би Олимпиадасын өткізу аясында Спорттық биден ресми чемпионат пен халықаралық Паралимпиадалық комитет шеңберінде «Kazakhstan open – 2016» атты арбадағы спорттық биден III халықаралық турнир өтеді.
Би жарысы бағдарламасына латын-америкалық және еуропалық билер кіргізілген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Ұлттық Паралимпиадалық комитет» ҚБ, ҚР Заманауи және спорттық би федерациясы, «Дос» тәуелсіз өмір» ҚБ ұйымдастырып отырған жарысқа «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетіп отыр.
«Аталмыш жарыс лизенциялық болып саналады және биылғы Азия чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Қатысушыларды Қазақстан, Ресей, Гонконг, Австриядан шақырылған қазылар бағалайды. Бишілер Қазақстанның сегіз өңірінен, атап айтсақ, Астана, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Қостанай, Атырау қалалары және Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келеді. Сондай-ақ, Австрия, Гүржістан, Тайвань, Қырғыз Республикасы, Гонконгтан келетіндер де бар. Олар үш күн бойы сайысады. Бұл шара бишілерге үлкен әсер сыйлайтынына сенімдімін. Олар жарысқа қатысу барысында әртүрлі би стильдерін терең сезінуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, би жарысы мемлекеттің имиджін көтеруге де септігін тигізеді» дейді ҚР Заманауи және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.
Оның айтуынша, аталмыш федерация ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитеттің халықаралық аренадағы жалғыз өкілі болып саналады. Мүгедектерге би арқылы ойлағандарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Би мен өнер мүмкіндігі шектеулі адамдарды өмірге бейімдеу құралы» атты бағдарлама да әзірленген.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ