Би бәсекесі

0 155

Астанадағы «Rixos Prezident Hotel Astana» қонақ үйінде заманауи және спорт билері бойынша­ ІІІ қазақстандық Би олимпиадасы өтті.

Би сайысына қатысушы­лар­ды Ресейден, Өзбекстаннан, Кубадан, Қазақстаннан жә­не­ Қыр­ғыз­стан­нан келген өкіл­дерден құралған қазылар алқасы бағалады. Мұнда өз­де­рі­нің шеберліктерін көрсету үшін еліміздің 10 аймағы мен көршілес мемлекеттерден 700-ден астам биші келді. Олимпиада: балет, ұлттық, шығыстық, балдық және эс­тра­­да­лық билер, степ, сальса, тіпті, мүгедектер үшін «бесік арбадағы би» сияқты барлық бағыттар бойынша өтті.

Олимпиадаға қатысу­шы­лар­­дың 40 пайызға жуығы – балалар. Жарыс барысында бес жасар бүлдіршіндер алғашқы рет­ үлкен сахнаға шығып, кәсі­би бишілермен бақ сынас­ты.
Жарыс нәтижесінде, ұлт­тық­­ би­ аталымы бойынша Ас­та­на­ қа­ласы­ның «Estrella’s Dance Academy Istina» би­ тобы жеңімпаз атанса, та­ғы­ бір елордалық топ – «Остров­­ Данс» эстрадалық би өне­рі­нен үздік танылды. Би шоуы­нан да қа­ла­мыз­дың «Ин­ди­го» бишілер тобы қар­­сы­лас­та­рынан озық шық­ты. Сонымен қатар, әлем халық­та­рының биі аталымы бойын­ша шығыс биін билеген Астана қаласындағы «Асыл арман» балалар үйінің өнер­паз­дары бірінші орынмен мара­пат­талды және заманауи­ би аталымы бойынша да бас­ қала бишілерінің бағы жан­ды. Тағы да көптеген номи­­на­­ция­лар бойынша қазақстан­дық­­ өнерпаздармен қатар өз­бекс­тан­дық,­ ресейлік бишілер бақ сынап, же­ңіс­ке­ жетті. Би марафоны екі күнге созы­лып,­ көрермендерді шаттыққа бөледі.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + two =