«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бетпердені тегін таратты

0 48

Елордалық еріктілер көшеде медициналық бетперделерді тегін таратты.«COVID-19 вирусы елорда аумағын ғана емес, Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Қазір жаппай вакцинация жүргізіліп жатыр. Бірақ сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мемлекеттік мекемесі белсенді еріктілермен бірге ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай саябақтар мен гүлзарларда серуендеп жүрген жандарға 10 мыңнан астам бетперде таратты. Сондай-ақ олар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтау қажеттігін түсіндірді. Акция мұнымен аяқталмайды, енді 30 мың маскаға дейін таратуды жоспарлап отырмыз. Біз үшін жұрттың қауіпсіздігі өте маңызды» деді «Астана жастары» мекемесі басшысының орынбасары Аян Ерментаев. Санитарлық талаптарды сақтамаған тұрғындар өз өміріне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды