Бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

0 79

2014 жылдың 9 сәуірінде сағат 10.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220 кабинет) бесінші шақырылымдағы Астана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. Астана қаласының №2 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутатын сайлау қоры­тын­дылары туралы.

2. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 13 жел­тоқ­­­сандағы «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға ар­налған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мем­лекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамы туралы.

4. Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі «Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу  туралы.

Анықтама алу үшін телефондар: 55-66-35, 55-66-36, 55-66-37

 

С.Есілов,

Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 14 =