Бесінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының және Астана қаласы тұрғындарының назарына!

0 67

2013 жылғы 3 мамырда сағат 10.00-де қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік к-сі, 11, 220-кабинет) бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына мына мәселелер енгізіледі:

1. Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы.
2. Астана қаласының «Шығыс-Мэрлер Уағдаластығы» Еуропалық Одағына қосылу бастамасы туралы.
3. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар жобаларын келісу туралы.
4. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы «Астана қаласындағы «Астана қаласының әкімдігі жанында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 тамыздағы «Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және оны ұзарту жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефондары: 55-66-35, 55-66-37, 55-66-36

С. Есілов,
Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =