Бесік жырын кім айтады?

0 7

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі мен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Алтын қыран» халықаралық қайырымдылық қорының демеушілігімен өткен байқауға бейнеролик түрінде материалдар ұсынылған. Бағалау шарттары бойынша бейнероликтің тәрбиелік, дамытушылық мәніне, орындалу шеберлігіне, эмоционалдық қабылдануына және мәтіннің мағыналы болуына ерекше назар аударылған.
Бұған дейін «Ана әлдиі» республикалық байқауына қатысушылардың материалдары өңірлерде іріктеліп, республикалық байқауға жіберілді. Қорытындысында І орынды Ақтөбе облысынан Ойыл аудандық мәдениет үйінің «Ойыл ауданы келіндері», ІІ орынды Қарағанды облысынан Меруеш Башай және Қызылорда облысынан Бақыткүл Болысбекқызы, ІІІ орынды Шығыс Қазақстан облысынан Мәриям Мұрсалинова және Павлодар облысынан Марина Вагина иеленді.
«Әнді орындау шеберлігі үшін» арнайы номинациясымен Света Жаңабайқызы, «Қойылымның тәрбиелік мәні үшін» Ләйлә Байқожаева және Салтанат Исабай, «Мазмұнды мәтін үшін» Ақмарал Әлібекқызы Биназарова марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =