Бес сыйлыққа ие болды

0 21

17-23 қазан аралығында өткен XXIX «Киношок» ашық фестивалінде отандық екі фильм «Жаным, ты не поверишь» комедиясы мен «Черный черный человек» драмасы бес сыйлыққа ие болды.

Соған орай Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова екі туындының түсірілім тобын айтулы жүлдесімен құттықтап, қазір қазақ фильмдері елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде жоғары бағаға ие болып жатқанына қуанышты екенін атап өтті.
Фестивальдің басты сыйлығы «Золотая лоза» мен «Үздік сценарий» (барлық 6 сценарист), «Баспасөз сыйлығы» – «Жаным, ты не поверишь» комедиясына берілді. Ал «Үздік ер адам рөлі» (Данияр Алшинов), «Үздік режиссура» (Əділхан Ержанов) сыйлығына «Черный черный человек» драмасы ие болды.
Жалпы конкурсқа жеті мемлекеттен тоғыз толық метражды фильм қатысқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 2 =