«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бес мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

0 169

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-тың «Жасампаз» отандық тауар өндірушілерінің консорциумымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау туралы ұзақмерзімді келісімін негізсіз тоқтатуға қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

 

Жиынға «Astana Ютария ltd» ӨИК» ЖШС бас дирек­торы Сәуле Шәуенова, «KAZPLAST» ЖШС директоры Дана Жұмабаева, «Еско» ЖШС атқарушы директоры Андрей Шмарин сияқты «Жасампаз» консорциумының бірқатар мүшелері  қатысты.
«Жасампаз» консорциумы отандық өндірушілерді біріктіру мақсатында 2016 жылы құрылған. Ал мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындау операторы болып тағайындалған «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ «Жасампаз» консорциумымен келісімшартқа отырып, 2016-2020 жылдары аралы­ғында ҚР Қорғаныс күштеріне қажетті киім өндіру бо­­йынша бас орындаушы болып белгіленген.
– Оператор мен консорциум арасында жеткізудің ұзақмерзімді келісімшарты жасалып, 2 жыл ішінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Инвестициялық келісім шеңберінде өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға қаржы жұмсалды. Алайда «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы қазіргі таңда түрлі себептерге байланысты консорциуммен біржақты ұзақмерзімді келісімшартты бұзып отыр. Соның салдарынан консорциум құрамындағы 44 кәсіпорын жабылып, 5 мың­нан астам адам жұмыссыз қалғалы тұр, – дейді «Жасампаз» консорциумы мүшелерінің бірі Сәуле Шәуенова.
Енді консорциум құрамындағы компания өкілдері ҚР Үкіметінен отандық тауар өндірушілер мүддесін қорғау жөнінде ресми хат жолдайтындықтарын жеткізді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды