БЕРНД БЕЙНЕЛЕГЕН АСТАНА

0 148

ERA_1757

Астана күніне орай, «Хас Санат» галереясында германиялық суретші, дизайнер, атақты жарнамашы Бернд Луцтың көрмесі ашылды.

Онда автордың жабайы табиғат, машина үлгілері, Еуропа қалаларын және Қазақстанды, әсіресе, Астаныны қылқаламына арқау еткен қырыққа жуық туындысы қойылыпты.
Күнделікті тұтынатын заттардың образы арқылы беретін абстрактілі экспрессионизмнің бір бағыты ретінде бейнелеу өнерінде өткен ғасырдың 60-70 жылдары пайда болған поп-арт Еуропада кеңінен танымал. Бернд Луцтің осынау стильде салған суреттеріндегі Қазақстан – қонақжай, күн шырайлы, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде көрініс табады. Көрме 9 шілдеге дейін жалғасады.

Айжан ҚАСЫМОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + two =