БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ, БІЗДІҢ ЕЛ!

0 215

колл

Құрметті астаналықтар жәнеқала меймандары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ортақ Отанымызда орныққан бейбітшілік пен келісім үлгісі – көп ұлтты халқымыздың басты қазынасы. Бұл – еліміздегі достық пен тұрақтылықтың өлшеміне, бірлік пен берекенің мызғымас дәстүріне айналған мерейлі мейрам.

Арайлы Астанамыз – бүгінде игі бастамалардың ордасы саналған, әлемдік келісім мен келіссөздердің орталығына баланған құтты мекен. Осынау шапағат пен шаттықтың мерекесі көңілдерге қуаныш сыйласын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілеймін.

 

Астана қаласының әкімі                                                          Иманғали Тасмағамбетов

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 1 =