Берекелі білім бесігі

0 97

Қазіргі таңда ел жастары үшін болашаққа таңдау жасайтын жауапты кезең. Әркім жүрек қалауымен өміріне өзек болатын берекелі білім бұлағын іздейді. Мыңдаған мектеп түлектері жоғары және орта арнаулы оқу орындарының табалдырығын аттайды.

Осы орайда, әр талапкер өзінің қарым-қабілетіне қарай таңдау жасайтыны белгілі. Сапалы білім мен қызықты студенттік өмірдің қайнаған қазаны болып отырған сондай оқу орындарының бірі деп Астана қаласындағы Қазақ технол огия және бизнес университеті мен колледжін айтуға болады.

Бұл оқу ордасының бірден-бір ерекшелігі – мұнда бірінші кезекте, мұнай және газ, жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялары, соны­мен қатар басқа да мамандар даярла­нады. Атап айтқанда, 18 мамандық бойынша бакалавр, 5 мамандық бойынша магистр, сонымен қатар университет колледжінде 10 мамандық бойынша білім беріледі. Университет құрылымы 2 факультет және 6 кафедрадан тұрады, коллед­жде 6 бөлім бар. Сонымен қатар, университетте лабораториялық және практикалық сабақтарды өткізетін 27 аудитория, оның ішінде аналитикалық химия, органикалық химия, физколлоидты химия, органикалық заттардың техноло­гиясы, қоршаған ортаны қорғау, экология, микро-макроэкономика, туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй, тамақ өнімдері технологиясы, биотехнология, физика, электро­техника лабораториялары, интер­нетке қосылған тоғыз компьютерлік сынып және лингофондық кабинет қызмет етуде.

 

2012 жылы университетте өткізілген пәндік олимпиадаға Аста­на қаласының мектептері белсенді қатысып, оның ішінде 8 мектептің 9-11-сынып оқушылары үздік білім көрсетіп, жүлделі орындар мен уни­верситет ректорының білім беру гранттары сертификаттарының иегерлері атанды. Жалпы универси­тет гранттарының иегерлері болып 44 мектеп түлегі танылып отыр.

Сонымен қатар, биыл Аста­на қаласы Білім басқармасының қолдауымен Қазақ технология және бизнес университетінің Кубогы үшін шағын футболдан қаламыздағы мектеп оқушылары арасында жарыс өткізілді. Бұл жарысқа Астана қаласының 36 мектебінің командалары қатысып, өз күштерін сынады. Жақсы ойыны­мен көзге түсіп, жүлделі орындарға иеленген командаларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар берілді.

Биыл өткен республикалық «Маусымашар -2012» КТК фестивалінің қорытындысы бой­ынша Қазақ технология және биз­нес университеті мен колледжінің «Астанада жасалған» команда­сы республикалық «Қызылжар» аймақтық лигасының ширек фи­налында өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.

Сәуір айында Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен жоғары және орта оқу орындары арулары арасында «Қыз – елдің арайы!» атты сайыс өтті. Осы сайысқа барлығы 10 ару қатысқан еді. ҚазТБУ атынан «Мейрамха­на ісі және мейманхана бизнесі» мамандығының І курс студенті Ақерке Төлеген қатысып, күміс жүлдегер атанды. Ал колледждің «Мұнай және газ өнімдерінің технологиясы» мамандығының студенті Әйгерім Құлбекова бағын сынап, «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды.

Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай, университеттің белсенді студенттері астаналық бір топ ардагерлерді құттықтап, олардың өмірлері туралы, соғыста өткізген ауыр жылдары туралы ақпараттар алды. Ардагерлерге қайырымдылық көмек көрсетіп, қамқорлық та­нытты. Университет басшылығы ардагерлерге әлеуметтік пакеттер тапсыруды дәстүрге айналдырып отыр.

Осының бәрі ел ертеңі үшін жан аямай күрескен аға ұрпаққа деген құрметтің белгісі деп түсінеміз. Бұл жастар үшін айрықша үлгі-өнеге болып отырғаны сөзсіз.

Сонымен қатар университет студенттері қалалық, республикалық және халықаралық, дүниежүзілік форумдарға, мысалы ОБСЕ Саммиті, қысқы Азиада ойындары, Президент сайлауы, Астана күні сияқты ауқымды ша­раларды ұйымдастыруға белсенді қатысып, волонтерлі істер атқара білді. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Лаура Меңдіғалиева және «Дизайн» мамандығының студенті Ғалымжан Исмагулов Қазақстан Республика­сы Президентінің алғыс хатымен марапатталды.

Ендігі бір ерекше атап айтпағымыз, қаланың сол жағалауынан, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығынан 800 метр қашықтықта 7 гектардан аса жерге Казақ техно­логия және бизнес университеті жаңа кампусын салуды жоспарлап отыр Оқу корпустарының жалпы ауданы 60000 шаршы метр аумақты қамтитын болады.

Бұл күнде кампустың жобасы қаланың архи­тектура комиссиясында бекітілді. Құрылыс жұмыстары алдағы шілде айында басталмақ. Университеттің сәулетті ғимаратының 1-ші кезегі 2013 жылдың шілде айында пайдалануға берілетіні жоспар­лануда. Демек, оқу ордасының келешектегі келбетінің көркем де келісті болатынына сенім мол.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =