«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Бензин бағасы арзандамайды

0 262

 Қазақстанда таяудағы уақытта бензин бағасы арзандамайды. Оған себеп, бізбен салыстырғанда ТМД-ның көптеген елдерінде бензин бағасы 30-40 пайызға қымбат көрінеді. Бұл туралы жұма күні өткізілген брифингте еліміздің энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«ТМД елдері арасында бензин Түрікменстанда ғана бізден 15 пайызға арзан. Бірақ, Өзбекстанда біршама қымбат. Бізде бензиннің литрі жарты доллар болса, ол жақта екі есе қымбат – бір долларға жуық. Қырғызстанда да жоғары, Ресейде 30-40 пайызға қымбат. Сондықтан Ресеймен шекара ашықтығын, ЕАЭО елдерінің ортақ нарығын ескерер болсақ, онда бензин бағасы арзандамайтыны анық. Дегенмен, жергілікті қорлардың есебінен бүгінгі күнгі баға деңгейін ұстап тұрамыз», – деді ол журналистердің қойған сауалына орай.

Астана қаласында да нарықта көбірек сұранысқа ие А-92 маркалы бензиннің литрі апта басынан бері 158-159 теңгеден 161-163 теңгеге көтеріліп, жанар май құю бекеттерінде түрлі бағамен сатылуда.

Жұмағазы КЕНЖЕБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды