Белсенділік өзгеріске жеткізеді

0 13

Елордада кезекті IX Азаматтық форум өтті. Онда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен қоғам белсенділері әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу кезінде бақылауды күшейту мәселесін талқылады.

Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Болат Тілепов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, қалалық азаматтық бастамалар орталығының басшысы Махаббат Еспенова қатысты.
Форумның басты мақсаты – ҮЕҰ-мен, азаматтық қоғам институттарымен, бизнес өкілдерімен мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту. Екі жылда бір рет өткізілетін форум осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылды.
Форум аясында өткен диалог алаңдары төрт бағытты қамтыды. Біріншісі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласы болса, екіншісі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарда үкіметтік қаржыландыруды күшейту. Үшінші қоғамдық мониторинг пен азаматтық белсенділікті арттыру. Ал төртінші бағыт бойынша «халықтың бюджетке қатысу» жобасын қала аудандарында ұлғайту мәселесі қарастырылды.
– Бүгінгі форум пленарлық отырыс болып табылады. Бұған дейін диалог алаңдары сегіз мәрте өткізілді. Нақты ұсыныстар тұжырымдалып, бүгін қорытындысы бекітілді. Елордада барлығы 2996 ҮЕҰ бар. Былтырғымен салыстыр­ғанда ұйымдардың белсенділігі екі есе артты. Соның ішінде 700-ден астам ҮЕҰ белсенді деп табылды. Азаматтық форумда осы ұйымдардың қажеттілігі бойынша туындаған сұрақтар да талқыланды. Екі жыл сайын өтетін форум шеңберінде ұсынылған жобалар міндетті түрде жүзеге асады. Мысалы, 2018 жылғы форумның қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамалар орталығы ашылған. Бұған дейін бізде ұзақ мерзімді жобалар болмаса, биыл осы бағыттағы 8 жоба бар. Биылғы форумнан күтеріміз де көп. Әсіресе «халықтың бюджетке қатысу» жобасын басқа бағыттарда кеңейтуді көздейміз. Әлемдік тәжірибеде бұл жобаның он сегіз бағыты бар болса, бізде тек бір бағыт жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, қазір қоғамдық бақылау туралы арнайы заң дайындалуда. Бүгінгі форумда қандастар мәселесі бойынша да жүзеге асырылатын жобалар талқыланды, – деді Бақтияр Мәкен.
Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумы аясында әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Байқауға қатысушылар бір ай көлемінде керекті құжаттарды жинап, қоғамға қажетті бүгінгі күннің проблемаларын шешетін жобаларды ұсынған. Сарапшылар жоба идеясының өзектілігіне баса назар аударды. Байқауға барлығы 19 жоба қатысып, соның ішінде 7 жоба үздік деп танылды.
Карантиндік шектеулерге байланысты форум ZOOM платформасы мен әкімдіктің YouTube-тағы ресми арнасында онлайн форматта көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =