Белсенді жастарға алғыс жарияланды

0 26

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жастар ұйымдарының өкілдерімен, еріктілермен кездесті. Конституция күні қарсаңында Елбасы мен Президент атынан жастар ұйымдары мен волонтерлік қозғалыстардың белсенді өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

Жиында жастар тұрғын үй бағдарламасы мәселелерін көтерді. Сонымен қатар экология, волонтерлік жобаларды қолдау: түрлі тақырыптар мен салалар бойынша тегін курстарды оқыту, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, спортпен шұғылдануға болатын спорт ғимараттарының санын арттыру және басқа да мәселелер ортаға салынды. Осы орайда әкім биыл жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастыратынын айтты.
Сондай-ақ әкім «Елорда жастары» астаналық бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлейтінін жеткізді. «Бүгін жастар ұйымдарының өкілдерімен, еріктілермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдадық. Олардың идеяларын бағдарлама тұжырымдамасына енгіземіз. Жастар – еліміздің даму драйвері, пандемия кезінде олар коронавируспен күресуге зор үлес қосты. Арнайы оқытылған еріктілер блокбекеттерде кезекшілік атқарды, дезинфекция жұмыстарын жүргізді, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тасымалдады. Зейнеткерлеріміз бен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Келген әр адамның пікірін тыңдау біз үшін маңызды болды. Жастарымыздың қаланы дамытуға атсалысып жатқаны қуантады. Сұрақтардың басым бөлігі шешімін тапты, қалғандары бойынша тағы да кездесулер өткіземіз» деп қорытындылады кездесуді қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × three =