БЕЛАРУСЬ  КОМАНДАСЫН  БАҒЫНДЫРДЫ

0 82

      photo_39041                 

    «Барыс»  сейсенбі  күні  Минск  қаласының  «Динамо»  командасын қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

    Алаң  иелері  сапынан  Кевин  Даллман, Максим  Худяков,  Дастин  Бойд және команда  капитаны  Брэндон  Боченски мергендігімен  танылды. Осы ойыннан  кейін Боченски чемпионаттың  бомбардирлер  бәсекесінде  үздік үштіктің қатарына қосылды.  Ол осыған дейін  қарсыластар  қақпасына 18 гол соғып, 36 дәл пас шығарған.

   Бүгінгі таңда «Барыс» 78 ұпаймен жетінші орында тұр.  Ал біздің клуб ойнайтын Шығыс дивизионында әзірге Омбының  «Авангард» командасы көш бастап келеді.

«Барыс» бүгін  дәл сол  «Авангард» командасымен кездеседі. Матч «Барыс Аренада» сағат 19.30-да басталады. Ал 25 қаңтарда «Нефтехимик»  командасын қабылдайды.

     Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 4 =