«БЕКЗАТ» ФИЛЬМІНІҢ ТИЗЕРІ ШЫҚТЫ

0 143

бекзат 1

Өмірбаяндық драма жанрында түсірілген «Бекзат» фильмінің тизері шықты. Фильмде Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың жеңіс жолындағы өнегелі өмірі бейнеленген. Басты рөлде «Жаужүрек мың бала» фильмімен танылған талантты актер Асылхан Төлепов ойнайды. Фильм режиссері – Ермек Шахмет.

Кинотуындыға Аян Өтеп­берген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа, Майра Омар, Артур Төлепов, т.б. актерлер де түскен. 2012 жылы аталмыш фильмді түсіруді қолға алған режиссердің сценарий жазуына танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлының «Бекзат» атты деректі хикаяты арқау болған. Сонымен қатар, Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттархановтан ақыл-кеңес алып отырған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + three =