Бекмамбетовтың жаңа фильмі

0 177

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Тимур Бекмамбетовтың «Оз елінің жауынгері» атты фильмі түсірілуде.

Бұл халықаралық жобаға Қазақстан, Ресей, АҚШ пен Австралия мамандары қатысуда. Фильм танымал «Зүбаржат шаһарының сиқыршысы» ертегісінің желісіне негізделген. Жоба авторлары ертегінің оқиғасына кино әлеміндегі жаңа әдістерді қолдануды көздеп отыр. Қазіргі таңда шығармашылық топ фильмнің үзіндісін түсіріп жатыр. Жобаның бас продюсері – Тимур Бекмамбетов. Фильмнің үзіндісі ақпан айында Берлин кинофестивалінде көрсетіледі деп күтілуде.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − six =