©2020 Астана Ақшамы
БЕЙСЕКОВА КӨШЕСІ БІР АЙҒА ЖАБЫЛАДЫ
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының хабарлауынша 20 наурыз – 20 сәуір аралығында Ш.Бейсекова көшесі бойында Қорғалжын тас жолынан бастап С.Сейфуллин көшесіне дейінгі жол қозғалысы шектеліп, көліктер қарама-қарсы жолақпен жүре тұрады.
Жол Бейсекова көшесінің аталмыш бөлігіндегі су жүретін темір бетонды құбырларды жаңарту жұмыстарына байланысты жабылып отыр. Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге кептелекке түсіп қалмас үшін жолын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. Құрылыс кезінде көлік иелерін ақпараттандыру мақсатында тыйым салу және ескерту белгілері қойылады.