Бейнероликтер байқауы

0 15

15 қазанда елордада үздік әлеуметтік жобалар бойынша бейнероликтер байқауы басталады. Нұр-Сұлтан қаласының IX Азаматтық форумын өткізу қарсаңында қала әкімдігі әлеуметтік жобалардың бейне байқауын жариялайды.

Байқауға Нұр-Сұлтан қаласы аумағында тіркелген және әрекет ететін ҮЕҰ қатыса алады. Байқау 2020 жылғы 15 қазаннан 15 қарашаға дейін өткізіледі. Байқауға қатысу үшін жоба туралы 2-ден 3 минутқа дейін ұзақтығымен бейнеролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерде #elordanpo2020 хэштегімен жариялау, бейнероликке сілтемені көрсете отырып, өтінім жіберу қажет. Байқауға жіберілген бейнероликтер бұрын жарияланбауы және соңғы үш жылда іске асырылған әлеуметтік жобалар туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Бір ұйымнан бір ғана өтінім беруге болады. Байқау жеңімпаздары ҮЕҰ өкілдерінен, сарапшылардан және медиа мамандардан құралған кәсіби қазылар алқасының дауыс беруі арқылы таңдалады. Өтінімдер 2020 жылғы 15 қарашада сағат 18:00-ге дейін info@elordanpo2020.kz электрондық поштасына «ҮЕҰ» Бейне байқауы» тақырыбына белгі қойып қабылданады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − nine =